
Шарифов Данияр Тұрлыханұлы
Ішкі аудит қызметінің басшысы
Өмірбаян
Данияр Тұрлыханұлы Шарифов 1991 жылы 13 қазан күні Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында дүниеге келген.
2010 жылы Семей политехникалық колледжінің «Құқықтану» мамандығын, 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінің «Құқықтану» мамандығын, 2024 жылы «Alikhan Bokeikhan University» «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «Альянс Финанс» ЖШС сот арқылы өндіріп алу коллекторы лауазымынан бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының жетекші маман-ассистенті, бас маман-ассистенті, бас инспектор-мемлекеттік аудиторы, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының персоналды басқарудың қызметінің бас инспекторының у.м.а., бас инспектор - мемлекеттік аудиторы болып қызмет атқарды.
Тағайындалғанға дейін Абай облысы әкімінің аппараты ішкі аудит қызметінің бас инспекторы болып еңбек етті.
2025 жылдың 2 маусымнан бастап Абай облысы әкімінің аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы болып тағайындалды.


