
Хасенов Берік
Абай облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы
Өмірбаян
Б. Хасенов 1987 жылы Абай облысы, Шар қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде алды. Сонымен бірге Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бакалавры.
Хасенов Берік Жаппарұлы көп жылдар бойы Astana TV, «Еуразия+ОРТ» және «7 арна» телеарналарының тілшісі болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Қазақстанның орталық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдары мен ұйымдарының баспасөз қызметтерінде жұмыс тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 2010 жылы Семей қаласы әкімінің және мәслихат аппараттарының баспасөз қызметінен бастаған.
2013 жылы және 2015-2016 жылдары Astana TV телеарнасының, 2013-2014 және 2021 - 2022 жылдары «Еуразия+ОРТ» телеарнасының тілшісі болып жұмыс істеді.
2016 жылдан 2019 жылға дейін Nur Otan (Amanat) партиясы Орталық аппараты баспасөз қызметінің, кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автожолдар дирекциясының қызметкері болды.
2019 - 2020 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметінің маманы.
2020-2021 жж. – «Computer vision Technologies» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, «7 канал» телеарнасының өңірлік коррпункттер желісінің бас редакторы.
2022 жылдан бастап «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ баспасөз қызметінде жұмыс істеді.
2023 жылдың шілдесінен бастап Абай облысы аппаратының баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы облыс әкімінің және құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы ақпараттың толықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.



