Қабылова Нұргүл Бейсенқызы

    Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы

    Қабылова Нұргүл Бейсенқызы
    Руководитель отдела

    Қабылова Нұргүл Бейсенқызы

    Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы

    Өмірбаян

    1979 жылы 7 қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.

    2001 жыл Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі - 24 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметте - 21 жыл.

    Өзінің еңбек жолын 2001 жылы Бородулиха ауданындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастаған, артынан аудандық Қазынашылық басқармасында аудармашы, аудандық ішкі істер бөлімінде іс жүргізуші, аудандық мәслихатта хатшы-аудармашы болды.

    Мемлекеттік қызметті 2004 жылы Бородулиха аудандық мәслихатының жетекші маманы ретінде бастап, кейіннен бас маман лауазымына ауысқан.

    2017-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасында әкімшілік бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарды.

    2023-2025 жылдары Абай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы, бас инспекторы лауазымдарында қызмет атқарды.

    2025 жылғы 13 қарашадан бастап Абай облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері