Артықпаева Данара Ринатқызы

    Жиынтық талдау және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің басшысы

    Артықпаева Данара Ринатқызы
    Руководитель отдела

    Артықпаева Данара Ринатқызы

    Жиынтық талдау және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Артықпаева Данара Ринатқызы 1995 жылы 28 мамырда Семей қаласында дүниеге келген.

    2016 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын Павлодар облыстық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының ақпараттық-талдау бөлімінің кеңесшісі ретінде бастаған. Кейін Семей қаласы әкімі аппаратына жастар тәжірибесі бойынша жіберіліп, одан кейін Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде аударма жөніндегі редактор болып жұмыс істеген.

    2018 - 2021 жылдары Семей қаласының құрылыс бөлімінің жоспарлау секторының заңгері және бас маманы, сондай-ақ әкімшілік-қаржы секторында бас маман лауазымдарында қызмет атқарған.

    2022 жылдан бастап Абай облысы бойынша бақылау басқармасы лицензиялау және аттестаттау бөлімінде статистик және бас маман,
    Абай облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында әкімшілік бөлімінің басшысы, Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімі мен жиынтық-талдау және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімдерінде бас инспектор лауазымында қызмет атқарды.

    2026 жылғы 4 ақпаннан бастап Абай облысы әкімі аппаратының жиынтық-талдау және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері