Жұмабеков Бауыржан Жұмабекұлы

    Ұйымдастыру және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы

    Руководитель отдела

    Жұмабеков Бауыржан Жұмабекұлы

    Ұйымдастыру және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Бауыржан Жұмабекұлы Жұмабеков 1994 жылы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында дүниеге келген.

    2016 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2016 жылы Өскемен қаласы әкімдігі істер басқармасының №11 филиалында маман болып бастады.

    2016-2018 жылдары Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.

    2018-2022 жылдары Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы, көмекшісі, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігі аппаратының инспекциялау, талдау және тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

    2022-2025 жылдары Абай облысы әкімі аппаратында бас инспектор, сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің басшысы, Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысы және Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

    2026 жылғы 3 ақпаннан бастап Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері