
Асылғожин Ғани Нұрланұлы
Руководитель отдела инспекторско-контрольной работы
Өмірбаян
Асылғожин Ғани Нұрланұлы 1989 жылы 28 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
2013 жылы Қазақ қаржы-экономикалық академиясы «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінде бас маман ретінде бастаған.
2020-2021 жылдары Бесқарағай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары, Ерназар ауылдық округінің әкімі лауазымдарында қызмет атқарған.
2023 жылдан бастап Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы, мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекшісі, одан кейін Абай облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы лауазымдарында қызмет атқарған.
2026 жылғы 4 ақпаннан бастап Абай облысы әкімінің аппараты инспекторлық-бақылау жұмыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.



