2026 жылғы 29 қыркүйекте Бейімбет Майлин ауданының «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде этика жөніндегі уәкіл Е. Б. Венгловскаяның қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіруге арналды және оған «Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті) мамандары қатысты.