Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 473 қаулысымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттар беруді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып бекітілді.