Кәмелетке толғаннан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін қамқоршылықты қалай рәсімдеуге болады

    Кәмелетке толғаннан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін қамқоршылықты қалай рәсімдеуге болады

    Ауруғабайланысты адам өзінің іс- әрекетінің мәнін түсініп, оларды басқара алмайтын жағдайларда, қабілетсіздікті анықтау және кейіннен қамқоршылықты рәсімдеу қажеттілігі туындайды.

    Мұндайжағдайға мүгедек балалардың ата -аналары бала 18 жасқа толғаннан кейін жиі кездеседі. Кәмелетке толғаннан кейін бала құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы болады, осыған байланысты медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде, егер денсаулығына байланысты ол қажетті құжаттарға өз бетінше қол қоя алмаса, қиындықтар туындауы мүмкін.

    Неістеу керек?

    Бала18 жасқа толғаннан кейін оны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы өтінішпен тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіну қажет.

    Өтінішнегізінде сот сот-психиатриялық сараптама тағайындайды.

    Сараптаманәтижелері бойынша сот азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешім қабылдайды.

    Сотшешімі заңды күшіне енгеннен кейін (әдетте бір айдан кейін ) соттан шешімнің түпнұсқасын алу қажет.

    Қорғаншылықтыресімдеу үшін тіркелген жері бойынша емханаға хабарласып, қамқоршы болу мүмкіндігі туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның (ДКК) қорытындысын алу қажет.

    Әріқарай, тіркеу орны бойынша әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласып, қамқоршы болып тағайындау туралы өтініш беру қажет.

    Қорғаншы болып тағайындау туралы қаулы алғаннан кейін (15 жұмыс күні ішінде) медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жіберу үшін учаскелік дәрігерге жүгіну қажет.

    Осылайша,денсаулық жағдайы бойынша өз құқықтарын дербес іске асыра алмайтын кәмелетке толған азаматтың МӘС -нен өтуі үшін белгіленген тәртіппен алдын ала қорғаншылықты ресімдеу қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары