Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алу

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алу

    2025жылғы қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді тиісті лицензиясыбар субъектілер жүзеге асырады .

    «Арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру»мемлекеттікқызметін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті ( бұданәрі - Комитет) көрсетеді .

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды Комитет лицензиар ретінде жүзеге асырады, ал құжаттарды қарауды, сондай -ақ субъектілерге баруды аумақтық бөлімшелер-Департаменттер жүргізеді.

    Лицензияалу үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығында көрсетілген әлеуметтікқызметтер порталы және қажетті құжаттар арқылы өтініш береді.

    Департаментнені тексереді?

    1жұмыс күні ішінде Департамент ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Егер құжаттар топтамасы толық болмаса немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылса, тиісті себептер көрсетіле отырып, өтінішті қабылдаудан бас тарту ресімделеді.

    Құжаттардыңтолық топтамасын ұсынған кезде Департамент 7 жұмыс күні ішінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін заңнамада көзделген қажетті мамандардың, үй- жайлардың, жабдықтардың, құжаттардың және өзге де шарттардың болуы тексеріледі.

    Маңыздыкезең объектіге баруболып табылады.Департамент мамандары субъектінің орналасқан жеріне барып, мәлімделген шарттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін, оның ішінде материалдық-техникалық жарақтандырудың болуын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлардың болуын , сондай -ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да мобильділігі төмен топтары үшін ғимараттың қолжетімділігін тікелей тексереді.

    Құжаттарды қарау және тексеру нәтижелері бойынша өтінім ұсынылған материалдарды қарау және заңнамада көзделген жағдайларда лицензия беру туралы не оны беруден бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін Комитетке жіберіледі.

    Лицензияүш жыл мерзімге беріледі , бас,бөлінбейтін және тегін болып табылады , егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

    Лицензиялаудыңнегізгі мақсаты - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін, алушыларға сапалы және қауіпсіз қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың және білікті кадрлардың болуын қамтамасыз ету .

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары