
29.09.2026 жылы Петропавл қаласында және облыстың 13 аудан орталығында кезекті «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Акция барысында азаматтарға тегін құқықтық кеңес беріліп, оларды қызықтырған сұрақтарға заңнама нормалары бойынша түсінікті әрі нақты түсіндірмелер ұсынылды.
Акцияның басты қағидаты –құқықтық көмекті әрбір азамат үшін қолжетімді әрі түсінікті ету.
Ерекше назар әлеуметтік, еңбек, тұрғын үй құқықтарын, балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты өтініштеріне аударылды.
Облыс тұрғындары алдын ала жазылусыз әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша прокурорларға жүгіне алды.
Мәселен, акция барысында облыс аудандарының бірінің тұрғыны жүгінді. Ол құжаттарда тегінің жазылуында орфографиялық қате болуына байланысты 3 жыл бойы мұраға кіре алмай келген.
Кеңес беру нәтижесінде азаматшаға құжаттарды қайта ресімдеу тәртібі түсіндіріліп, аудан прокуратурасы тарапынан толық сүйемелдеу қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта өтініш иесі мұраға құқық туралы куәлігін алды.
«Құқықтық дәріхананың» негізгі міндеті – құқықтық көмекті барынша қолжетімді ету.
Жалпы, акция барысында145 азамат қабылданды.Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген «Құқықтық дәріхана» акциялары аясында3 200-ден астам азаматқабылданды.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.
Акцияәр сейсенбі сайынПетропавл қаласындағы«Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында(сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда)өткізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы







