
2026 жылғы 27 қыркүйек күні өткізілген Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №61 шешіміне сәйкес, Сайқын ауылдық округінің әкімі болып Сайран Алтаяқов тағайындалды.
Алтаяқов Сайран Нұрлыбайұлы, 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылында дүниеге келген. Әкім лауазымына үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған. Бұған дейін С.Алтаяқов «Бөкей ордасы колледжі» директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Бүгін жаңа әкімді аудан басшысы Нұрлыбек Даумов округ әкімі аппаратының ұжымына таныстырса, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлы қызметтік куәлігін табыс етті.









