Ақтауда «Граффити» іс-шарасы аясында заңсыз жазулар жойылуда

    Ақтауда «Граффити» іс-шарасы аясында заңсыз жазулар жойылуда

    Маңғыстау облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны С. Алпеисов, үгіт-насихат тобының инспекторы, полиция майоры Н. Мамедов және Ақтау қаласы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция лейтенанты А. Бейбіт полицияның қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп, Маңғыстау облысының аумағында өткізіліп жатқан «Граффити» іс-шарасы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

    Іс-шара барысында Ақтау қаласындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың қабырғаларында салынған заңсыз суреттер мен жазулар анықталып, оларды жою жұмыстары жүргізілуде.

    Полиция қызметкерлері мен қоғамдық көмекшілер заңсыз граффитилердің таралуына жол бермеу, қоғамдық орындардың тазалығы мен көркін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын да жүргізуде.

    Тұрғындарға ортақ пайдаланылатын мүлікке ұқыпты қараудың маңызы түсіндіріліп, ғимараттардың қабырғаларына заңсыз жазулар мен суреттер салуға жол берілмейтіні ескертілді.

    Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қала аумағын таза ұстауға және заңсыз граффити фактілеріне немқұрайлы қарамауға шақырады.

    Маңғыстау облысы полиция департаменті

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары