
Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың, оның ішінде түнгі уақытта көлік құралдарымен жарыс ұйымдастырудың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Кешкі және түнгі уақытта автокөлік пен мотоцикл жүргізушілері жиі жиналатын орындарға ерекше назар аударылуда. Полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, белгіленген жылдамдық режимін, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын сақтаудың, қауіпті маневрлерге жол бермеудің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндірмеудің маңызын түсіндіруде.
Түнгі уақытта көлікпен жарысу, жылдамдықты күрт арттыру, қауіпті маневрлер жасау жол-көлік оқиғаларына әкеліп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналарға кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрысын бақылау және олардың тиісті жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқаруына жол бермеу қажеттігін ескертеді.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өздерінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Маңғыстау облысы полиция департаменті









