Дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу неғұрлым атаулы сипатқа ие болуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу неғұрлым атаулы сипатқа ие болып, халық үшін қолжетімділігін қосымша қамтамасыз етуді қажет ететін дәрілік заттарға бағытталуда.

    «Цифрлық құралдар дәрілік заттардың қозғалысын бақылауға және олардың айналымының әртүрлі кезеңдеріндегі нақты бағаларды талдауға мүмкіндік береді. Бұл бағаның негізсіз өсуінің ықтимал белгілерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

    Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың баға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. Белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларының асып кетуі анықталған жағдайда, тауарлық чек пен дәрілік заттың қаптамасын қоса тіркей отырып, өтінішті DariKZ мобильді қосымшасы арқылы жолдауға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары