ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызының төрағалығымен кезекті жұмыс кеңесі өткізіліп, күн тәртібінде Департамент қызметінің негізгі бағыттары мен ішкі жұмыс тәртібіне қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
Жиын барысында қызметкерлердің жұмыс уақытының сақталуы, қызметтік іссапарларды ұйымдастыру және олардың нәтижелілігі, қызметтік және кәсіби әдеп нормаларын сақтау, еңбек тәртібін нығайту, сондай-ақ тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау, жұмыс барысында өзара үйлесімділікті арттыру, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша белгіленген міндеттерді сапалы орындау және Департамент жұмысының тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар жүктелді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









