Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
25 қазан – Республика күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде салтанатты жиын өтті.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Жанерке Алмасқызы облыс әкімі М. Ергешбаевтың атынан мінсіз қызметі, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі мен белсенді еңбегі үшін департамент қызметкерлеріне Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыстады.
Өз сөзінде департамент басшысы ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, ел игілігі мен халық амандығы жолындағы жауапты еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
#RepublicDay
#Республикакүні








