2026 жылғы 19 қарашада ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың құқықтық негіздері мен өзекті мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі құқықтық жауапкершілігі, пациенттердің құқықтарын қорғау, кәсіптік жауапкершілікті сақтандырудың заңнамалық негіздері мен оны жүзеге асыру тетіктері, сондай-ақ тәуелсіз сараптама комиссиясының қызметі мен оның медициналық көмек көрсету сапасын бағалаудағы рөлі талқыланды.
Аталған тақырып бойынша ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Профилактикалық бақылау бөлімінің басшысы Төрехан Кенесұлы Маханбетов баяндама жасап, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың құқықтық аспектілеріне, тәуелсіз сараптама комиссиясының қызметіне, оның жұмыс тәртібі мен тәжірибеде туындайтын өзекті мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар тәуелсіз сараптама комиссиясының медициналық қызмет көрсету барысында туындаған даулы жағдайларды объективті қарастырудағы, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудағы маңызы атап өтілді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, саладағы өзекті сұрақтар бойынша талқылау жүргізді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









