Жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі – басты назарда

    1 / 2

    Қызылорда қаласында білім басқармасының бастамасымен білім беру ұйымдарының қыз балаларына арналған «Қыз баланың қауіпсіздігі, денсаулығы және болашағы» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды.
    Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірім қыздардың құқықтық сауаттылығын арттыру, репродуктивті денсаулығын сақтау, жеке шекарасын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу.
    Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы Р. Абдразакова, Қызылорда қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры А. Шоқбарова, облыстық перинаталдық орталықтың балалар гинекологы Ғ. Құдайбергенова, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Ж. Бимұратқызы және облыстық психологиялық қолдау орталығының директоры Ж. Баянова қатысты.
    Мамандар өз салалары бойынша маңызды мәселелерді қозғап, қыз балаларға құқықтық сауаттылық, жеке қауіпсіздік, репродуктивті денсаулық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Атап айтқанда, ерте жүктіліктің алдын алу, қысым көрсету мен мәжбүрлеу жағдайларын тану, өз құқықтарын қорғау және қиын жағдайға тап болған кезде тиісті көмекке жүгіну жолдары түсіндірілді.
    Кездесуге 600-ден астам кәмелетке толмаған қыз бала қатысты.
    Шара соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, сенім телефондары туралы мәліметтер ұсынылды.
    Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауына және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары