Жолдағы қауіпсіздік: жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    1 / 2

    Қызылорда облысы Полиция департаменті Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полицияның қоғамдық көмекшілері мен ерікті демеушілердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

    Іс-шара «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» KAZ06 автожолы бойында ұйымдастырылды. Шара барысында жол үстінде жүрген жүргізушілерге ыстық кофе мен тәтті бәліштер ұсынылып, сапар кезінде сергек жүрудің маңыздылығы түсіндірілді.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимінен аспау, көлік басқару кезінде барынша мұқият болу қажеттігін ескертті.
    Мұндай профилактикалық шаралар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда жауапкершілік танытып, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары