Сам ауылында оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

    Сам ауылында оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

    «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сам ауылындағы білім беру ұйымдарының бірінде 5–11 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен кең ауқымды кездесу өтті.

    Іс-шараны ПБ ҚҚБ ЮПТ КТІЖ аға УПИ, полиция капитаны Жанар Оразбаева өткізіп, жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, кәмелетке толмағандардың мотоцикл және автокөлік құралдарын басқаруына жол бермеу, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге жол бермеу, сондай-ақ буллингтің алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Сонымен қатар, кіші сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелері, бағдаршам белгілері және жолдан қауіпсіз өту тәртібі түсіндіріліп, алған білімдерін бекіту мақсатында бағдаршам тақырыбында практикалық жаттығу ұйымдастырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары