
«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері саяжайлардың бірінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.
Саяжай аумағын тексеру барысында 1973 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі учаскеден 61 түп көкнәр және 12 түп қарасора анықталды. Сонымен қатар, кептірілген қарасора өсімдігінің бөліктері мен аумақта өсіп тұрған бірнеше түп қарасора табылып, белгіленген тәртіппен тәркіленді.
Тексеру барысында учаске иесінің аталған өсімдіктерді күтіп-баптап, суарып отырғаны анықталды.
Полиция қызметкерлері анықталған факті бойынша қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіп, тиісті материалдар жинақтады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.









