Жол қауіпсіз болуы үшін: жол-техникалық инспекция қызметінің жұмысы туралы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жол қауіпсіз болуы үшін: жол-техникалық инспекция қызметінің жұмысы туралы

    Жол қауіпсіз болуы үшін: жол-техникалық инспекция қызметінің жұмысы туралы

    Жолдағы қауіпсіздік ережелерді сақтауға ғана емес, жол инфрақұрылымының жай-күйіне де байланысты. Бұл бағыттағы жұмыстарды ШҚО ПД жол-техникалық инспекция қызметінің қызметкерлері күн сайын бақылауда ұстайды.

    Бөлімше қызметкерлері жолдарды тексеріп, шұңқырлар, жол жабынындағы ойықтар және басқа да ақауларды анықтайды. Сонымен қатар жол белгілерінің, бағдаршамдардың және жол таңбаларының жай-күйін, сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде қозғалысты ұйымдастыру талаптарының сақталуын бақылайды.

    Жыл басынан бері жалпыға ортақ пайдаланылатын тасжолдар мен көше-жол желісінің 35 мың шақырымнан астамы тексеріліп, 2 500-ден астам ақау мен заң бұзушылық тіркелген.

    Осыған байланысты коммуналдық және жол ұйымдарына 200-ден астам міндетті нұсқама берілді. Жолдарды тиісінше күтіп-ұстамағаны үшін 280-нен астам лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Инспекция нұсқамалары бойынша 1 500-ден астам жол белгісі орнатылып, ауыстырылды, сондай-ақ шамамен 150 мың шаршы метр жол таңбасы жаңартылды.

    Қауіпсіз жол – ең алдымен, талапқа сай жол инфрақұрылымы. Сондықтан оның жағдайын бақылау және анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары