
ШҚО полициясы апталық рейд жұмысын қорытындылады
Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көліктердің техникалық жағдайына қатысты заң бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
23 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында полиция қызметкерлері көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 39 фактісін анықтады.
Ең жиі кездескен заң бұзушылықтар:
- штаттан тыс LED шамдарын орнату;
- шығару жүйесіне, соның ішінде шу деңгейінің жоғарылауына әкелетін өзгерістер енгізу.
Аталған фактілер бойынша жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Есепті кезеңде дрифт ұйымдастыру және рұқсат етілмеген түнгі жарыстар өткізу фактілері тіркелген жоқ. Жолдағы жағдайды бақылау жалғасуда.
Полиция жүргізушілерге көлік құралының конструкциясына енгізілетін кез келген өзгеріс заңда белгіленген тәртіппен жүргізілуі тиіс екенін еске салады. Заңсыз тюнинг әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі








