
ШҚО-да «Қорғау» базасы 6,5 мыңнан астам көлікті қамтыды
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзуды анықтау үшін «Қорғау» қосымшасын пайдалануда. Жүйе көше камераларынан алынған деректерді талдап, іздеуде жүрген, төленбеген айыппұлдары бар немесе полиция бағдарына енгізілген көліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері базаға 6 523 көлік құралы туралы мәлімет енгізілген. Ақпарат әртүрлі дереккөздерден түседі және оны полиция қызметкерлері жолда тексеру барысында пайдаланады.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері 742 көлік құралын анықтап, ұстады. Олардың арасында көлік басқару құқығынан айырылған адамдар басқарған, сондай-ақ мемлекеттік нөмірсіз, сақтандыру полисінсіз немесе техникалық байқаудан өтпеген көліктер бар.
База жалған мемлекеттік нөмір тағылған көліктерді де анықтауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері осындай 85 көлік құралы туралы мәлімет базаға енгізілген. Сонымен қатар 239 іздеудегі көлік анықталды.
Жүйе көлік құралдары туралы ақпаратты уақытылы алуға және қажетті шараларды жедел қабылдауға жақсы қарастырылған.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және заңда белгіленген талаптарды уақытылы орындауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі








