
Көтеруге бағытталған негізгі ережелер мен ұсынымдар
ақпараттық қауіпсіздік деңгейі, қызметтік ақпаратты қорғау және
күнделікті іс-әрекетте киберқауіптердің алдын алу.
1. Цифрлық гигиенаның негізгі ұғымдары. Цифрлық гигиена – цифрлық құрылғыларды, ақпараттық жүйелерді және Интернет желісін қауіпсіз пайдалануға бағытталған ережелер мен күнделікті іс-әрекеттердің жиынтығы.
Цифрлық қауіпсіздік ақпараттық ресурстарды, дербес
деректерді және қызметтік ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден,
өзгертуден, таратудан немесе жоюдан қорғауды көздейді.
Әрбір мемлекеттік қызметші атқаратын лауазымына қарамастан, өз лауазымдық міндеттері шегінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
2. Ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қауіптері
Келесі аталған қауіптерге ерекше назар аударылды:
Фишингтік хабарламалар; сенімсіз құпиясөздерді пайдалану;
Қызметтік ақпараттың сыртқа таралуы.
Қызметтік құжаттарды, дербес деректерді және қолжетімділігі
шектеулі өзге де ақпаратты жеке электрондық пошта, рұқсат
етілмеген мессенджерлер, бөгде интернет-сервистер және бұлттық қоймалар арқылы жіберу ерекше қауіп төндіреді.
Қызметтік құжаттарды өңдеу кезінде жасанды интеллект пен
онлайн-сервистерді пайдалануға байланысты тәуекелдерді ескеру қажет. Тиісті рұқсатсыз мұндай сервистерге қызметтік ақпаратты, дербес деректерді және қолжетімділігі шектеулі құжаттарды жүктеуге жол берілмейді. Сондай-ақ қоғамдық Wi-Fi желілерін және қызметтік міндеттерді орындау үшін жеке құрылғыларды пайдаланған кезде сақтық таныту қажеттігін атап өткен жөн.
Қорытынды
Цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барлық қызметкерлердің ортақ міндеті болып табылатынын және тек ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың жұмысымен ғана шектелмейтінін атап өткен жөн.








