«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 5 қазанында сағат 15. 00-де Көкшетау қаласында (Абай көшесі, 83) сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз төртінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессия қарауына «Ақмола облысының жекелеген санаттағы азаматтарына амбулаториялық емделу кезінде кепілдік берілген тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың қосымша берілуі туралы» сұрағы енгізіледі.
Сессияның онлайн-трансляциясы Ақмола облыстық мәслихатының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жүргізіледі https://www.facebook.com/share/1CcGSdzvH4/?mibextid=wwXIfr
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов







