
Ғабдуллина Райхан Қасымқызы
Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы
Зеренді аудандық мәслихатының бірінші сессиясы барысында дауыс беру нәтижелері бойынша аудандық мәслихаттың төрағасы болып №10 сайлау округі бойынша депутат Ғабдуллина Райхан Қасымқызы сайланды. Ғабдуллина Р.Қ. 1973 жылы дүниеге келген, Зеренді ауданының тумасы. Арнаулы орта және жоғары білімі бар. Көкшетау кооперативтік техникумы мен Көкшетау университетін "бухгалтер" және "экономист-қаржыгер" мамандықтары бойынша аяқтаған.
















