
Өмірбаян
Әбілпейісов Батыржан Бауыржанұлы, №12 сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Аудандық мәслихат жанындағы депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.
Батыржан Бауыржанұлы 1984 жылы дүниеге келген, Зеренді ауданының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «орман және саябақ шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2001 жылы «Эко-гарант» ЖШС-нің менеджері болып бастаған. 2006 - 2019 жылдары аралығында Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Маралды орман және жануарлар дүниесін қорғау ММ орман қорғау инженері, «Бұқпа» орман және жануарлар дүниесін қорғау ММ орманшы-инженері, Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2019 жылдың ақпанынан бері – Зеренді ауданының Кіші-Түкті орман шаруашылығының директоры.
№12 сайлау округінің шекарасына Исаковка, М.Ғабдуллин, Қанай би, Қызылегіс ауылдық округтерінің ауылдары кіреді.





