Оспанов Арман Дәулетқанұлы

    мәслихат депутаты

    Оспанов Арман Дәулетқанұлы
    Депутат маслихата

    Оспанов Арман Дәулетқанұлы

    мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Оспанов Арман Дәулетқанұлы Зеренді аудандық мәслихатының №1 сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Аманат» фракциясының, аудандық мәслихаттың депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылады.

    Арман Дәулетқанұлы 1990 жылы дүниеге келген. Сандықтау ауданының тумасы. Білімі жоғары, 2012 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «агроинженерия» мамандығы бойынша, 2014 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «педагогика және психология» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2011 жылы СҚО Петровка ауылындағы «Столыпинское» ЖШС-нде механизатор болып бастаған, кейіннен Покровка ауылындағы «Бескөл тұқым шаруашылық станциясы» ЖШС-нің механизаторы болды. 2012 жылдан Шағалалы ауылындағы Жоғары Агротехникалық колледжінде арнайы пәндердің оқытушысы, бөлімше меңгерушісі, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, оқыту-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары болып қызмет етті. 2022 жылдың қарашасынан осы уақытқа дейін - Зеренді ауданының Шағалалы а. Жоғары Агротехникалық колледжінің директоры.

    №1 сайлау округінің шекарасына Шағалалы ауылдық округінің ауылдары кіреді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері