
Өмірбаян
Әшімова Әсемгүл Бүркітбайқызы, Зеренді аудандық мәслихатының №7 сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Аманат» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылады.
Әсемгүл Бүркітбайқызы 1982 жылы дүниеге келген. Ақжар ауданының тумасы. Білімі жоғары, 2003 жылы «Фемида» Қарағанды заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Көкшетау қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы болып бастады. 2008-2009 жылдары «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалында, 2009-2010 жылдары «Агросервис» ЖШС заңгері болып қызмет етті. 2010 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін - «Milk Project» ЖШС-нің атқарушы директоры.
№7 сайлау округінің шекарасына Приречен, Троицк, Бәйтерек ауылдық окрутерінің ауылдары кіреді.





