Елбергенов Ермек Жасеркінұлы

    мәслихат депутаты

    Елбергенов Ермек Жасеркінұлы
    Депутат маслихата

    Елбергенов Ермек Жасеркінұлы

    мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Ермек Жасеркінұлы Елбергенов Зеренді аудандық мәслихатының №5 сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Аманат» фракциясының, аудандық мәслихаттың депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылады.

    Ермек Жасеркінұлы 1991 жылы дүниеге келген. Зеренді ауданының тумасы. Білімі жоғары, 2013 жылы Көкшетау университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2014 жылы осы университетте «құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.

    Еңбек жолын 2013 жылы «Қазақстан «РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының редакторы болып бастады, кейіннен осында шеф-редактор, меншікті тілшісі, 2019-2022 жылдары «Atameken Business» телеарнасының штаттан тыс корреспонденті болып жұмыс істеді. 2023 жылдан бастап «Қазақстан «РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары болып тағайындалды.

    №5 сайлау округінің шекарасына Сарыөзек, Қызылсая, С.Сейфуллин және Симферополь ауылдық округтері кіреді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері