Дүйсембекова Ботагөз Байназарқызы

    мәслихат депутаты

    Дүйсембекова Ботагөз Байназарқызы
    Депутат маслихата

    Дүйсембекова Ботагөз Байназарқызы

    мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Дүйсембекова Ботагөз Байназарқызы, Зеренді аудандық мәслихатының №3 сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Аманат» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып табылады.

    Ботагөз Байназарқызы 1965 жылы дүниеге келген, Щучье ауданының тумасы. Білімі жоғары, 1984 жылы Щучье педагогикалық училищесін «бастауыш сыныптар оқытушысы» мамандығы, 2002 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «практикалық психолог» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Барлық еңбек жолы білім беру саласымен байланысты. Еңбек жолын 1984 жылы Чистополь ауданы Рухловка жоғары мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 1989 жылға дейін Чкалов ауданының Қарағаш мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап Зеренді ауданының білім беру ұйымдарында жұмыс істей бастады, Қызылегіс мектебінде, Зеренді мектеп-интернатында мұғалім болып қызмет етті, 1994 жылдан бастап аудандық білім бөліміне жұмысқа тұрды, онда 2016 жылға дейін әдіскер, бас маман, кадрлар жөніндегі инспектор болды. 2016 жылдың ақпанынан Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық ұйымының Зеренді филиалының төрағасы.

    №3 сайлау округінің шекарасына Алексеевка кенті, Чаглинка, Жаманащы стансалары, Қонысбай ауылдық округінің Гранитный, Дөңгілағаш ауылдары кіреді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері