Қуанышев Руслан Нұрланұлы

    мәслихат депутаты

    Қуанышев Руслан Нұрланұлы
    Депутат маслихата

    Қуанышев Руслан Нұрланұлы

    мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Қуанышев Руслан Нұрланұлы, №4 сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Аудандық мәслихат жанындағы депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.

    Руслан Нұрланұлы 1993 жылы дүниеге келген, Щучье ауданының тумасы. Білімі жоғары, 2016 жылы М.Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясын «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандығы, 2018 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2016 жылдың шілдесінен Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері болып бастаған. 2016 жылдың қыркүйегінен Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері лауазымында қызмет етті. Запастағы аға лейтенант. 2021 жылдың қаңтарынан «R-Capital» ЖК, 2022 жылдың желтоқсанынан – «СЖК Компаниясы» ЖШС-нің құрылтайшысы және директоры.

    №4 сайлау округінің шекарасына Бұлақ, Садовое ауылдық округтерінің ауылдары кіреді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері