
Өмірбаян
Сағдиев Ербол Болатұлы, №9 сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Аудандық мәслихат жанындағы бюджет, қаржы және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.
Сағдиев Ербол Болатұлы 1961 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданының тумасы.
1983 жылы Алматы зооветеринариялық институтын "Зоотехния" мамандығы бойынша бітіріп, "Зооинженер"біліктілігін алды. 2010 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Құрылыс"мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" мамандығы бойынша "Ауыл шаруашылығы бакалавры" біліктілігімен бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай өндірістік облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының № 3 бөлімшесінің зоотехнигі болып бастады, онда 1985 жылдың наурызына дейін жұмыс істеді. 1985 жылғы 30 қазан мен 1988 жылғы 24 қазан аралығында Зеренді ауданы КОКП XXIV съезі атындағы совхозда бас зоотехник болып жұмыс істеді. 1988 жылғы 25 қазаннан бастап 1992 жылғы 19 тамызға дейін Зеренді ауданы КОКП XXIV съезі атындағы совхоздың директоры қызметін атқарды. 1992 жылғы 20 тамыздан 1998 жылғы 17 сәуірге дейін Зеренді ауданындағы "Қонысбай" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны төрағасының міндетін атқарды. 1998 жылғы 29 сәуірден 2000 жылғы 11 желтоқсанға дейін Зеренді ауданындағы "Сушы" акционерлік қоғамының төрағасы қызмет етті. 2000 жылғы 12 желтоқсан мен 2002 жылғы 14 ақпан аралығында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылғы 14 ақпаннан 2003 жылғы 01 ақпанға дейін Зеренді ауылындағы "ҚазМұнайГаз-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Сұңқар" сауықтыру кешенінің басқарушысы ретінде жұмыс жасады. 2003 жылғы 05 қарашадан 2012 жылғы 24 сәуірге дейін Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарды. 2003 жылғы 05 қарашадан 2012 жылғы 24 сәуірге дейін Атбасар ауданының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылғы 28 маусымнан 2015 жылғы 22 мамырға дейін Сандықтау ауданының әкімі қызметін атқарды. 2015 жылғы 23 мамырдан 2017 жылғы 26 маусымға дейін Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің лауазымын атқарды. 2017 жылғы 26 маусымнан 2019 жылғы 01 ақпанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданының әкімі қызметін атқарды. 2019 жылғы 02 ақпаннан 2019 жылғы 16 шілдеге дейін Есіл ауданының әкімі қызметін атқарды, 2025 жылдың 10 сәуіріне дейін "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық паркі республикалық мемлекеттік мекемесі бас директорының кеңесшісі қызметін атқарады.
№9 сайлау округінің шекарасына Зеренді аулының №554 сайлау учаскесі, Айдарлы және Көктерек ауылдары кіреді.





