Баядилов Батырбек Бегайдарұлы

    депутат маслихата

    Баядилов Батырбек Бегайдарұлы
    Депутат маслихата

    Баядилов Батырбек Бегайдарұлы

    депутат маслихата

    Өмірбаян

    Баядилов Батырбек Бегайдарұлы, №12 сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Аудандық мәслихат жанындағы депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.

    Батырбек Бегайдарұлы 1977 жылы дүниеге келген, Зеренді ауданының тумасы. Білімі жоғары, 2023 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «орман шаруашылығының бакалавры» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2012 жылы «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Кіші-Түкті орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Подгородный орманшылығының орманшысы болып бастаған. 2012 - 2019 жылдары аралығында «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Кіші-Түкті орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Подгородный орманшылығының орман шебері болып жұмыс істеді. 2019 - 2025 жылдары аралығында - «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Кіші-Түкті орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары. 2025 жылдың шілдесінен бері – «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Кіші Түкті орман шаруашылығы мекемесі» КММ директоры, Кіші Түкті ауылы Зеренді ауданы Ақмола облысы.

    №12 сайлау округінің шекарасына Исаковка, М.Ғабдуллин, Қанай би, Қызылегіс ауылдық округтерінің ауылдары кіреді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері