
Ғабдуллина Райхан Қасымқызы
Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Зеренді аудандық мәслихатының бірінші сессиясы барысында дауыс беру нәтижелері бойынша аудандық мәслихаттың төрағасы болып №10 сайлау округі бойынша депутат Ғабдуллина Райхан Қасымқызы сайланды.
Ғабдуллина Р.Қ. 1973 жылы дүниеге келген, Зеренді ауданының тумасы. Арнаулы орта және жоғары білімі бар. Көкшетау кооперативтік техникумы мен Көкшетау университетін "бухгалтер" және "экономист-қаржыгер" мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Зеренді аудандық дайындау кеңсесінде бухгалтер, кейін бас бухгалтер болып бастаған. 1995-2003 жылдар аралығында жеке кәсіпорындарда бухгалтер, таразышы, кадрлар бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді. 2003 жылдың наурыз айынан бастап Зеренді ауданының экономика және шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің жетекші, бас маманы болып мемлекеттік қызметке орналасты.
2004-2023 жылдар аралығында Зеренді ауданының экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, кейін Зеренді ауданының экономика және қаржы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2019 жылдың маусымынан 2023 жылдың наурызына дейін Зеренді ауданы әкімінің орынбасары болды. 2023 жылдың наурыз айынан Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы.
