
Өмірбаян
Балмағамбетова Ксения Болатқызы, Зеренді аудандық мәслихатының №11 сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Аманат» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып табылады.
Ксения Болатқызы 1991 жылы дүниеге келген, Зеренді ауданының тумасы. Білімі жоғары, 2013 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «агрономия» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорнының балық өсіруші маманы болып бастап, осында шебер, іс жүргізуші, бухгалтер, кадрлар бөлімінің инспекторы болып қызмет етті. 2018 жылдан осы уақытқа дейін – Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорны директорының орынбасары.
№11 сайлау округінің шекарасына Зеренді ауылының №556 сайлау учаскесі кіреді.





