
Өмірбаян
Дүйсенова Жанна Ринатқызы, Зеренді аудандық мәслихатының №8 сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Аманат» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаттық этика, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі болып табылады.
Жанна Ринатқызы 1989 жылы дүниеге келген, Зеренді ауданының тумасы. Білімі жоғары, 2011 жылы Ақан сері атындағы мәдениет колледжін «кітапхана ісі» мамандығы, 2019 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «мәдени-бос уақыт жұмысы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Викторовка ауылдық клубының меңгерушісі лауазымынан бастап, осы уақытқа дейін қызмет етуде.
№8 сайлау округінің шекарасына Викторовка ауылдық округінің ауылдары, Айдабол ауылы кіреді.





