Қызметкерлер — Қаратал ауданы мәслихатының аппараты

    Қаратал ауданы мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Әкімжанов Мәди Болатұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Әкімжанов Мәди Болатұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының төрағасы

    1987 жылы 18 қазанда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келді. 2009 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған. 2009-2010 жылдары аралығында әскери қызмет атқарған. Еңбек жолын 2011 жылы Алматы облыстық жол полициясының инспекторы болып бастаған. 2012 жылы «Әзімбай» шаруа қожалығын құрып, 2023 жылға дейін басшылық еткен. 2023 жылдың наурыз айында Қаратал аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды. Аудандық мәслихаттың төрағасы ретінде мәслихат сессияларын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеу, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдесу, мәслихат аппаратының жұмысын басқару, мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. «AMANAT» партиясы фракциясының жұмысына, сонымен қатар аудан аумағында өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсенділік танытады. Аудандық мәслихат депутаттарының ҚР Президентінің Жолдауларын түсіндіру және насихаттау бойынша қызметін үйлестіреді. Үнемі жергілікті жердің өзекті деген мәселесін жарыққа шығарып, түйінін тарқатуға жәрдемдеседі. Депутат ретінде көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына, ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне демеушілік көмек көрсетеді. Қазақ детектив жанрының шебері, жазушы, журналист, майдангер К.Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Қаратал ауданында өткізілген үлкен іс шараға және Қаратал ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай өткен мерекелік іс шараға белсенді атсалысқан. Үйленген, екі баласы бар.

    Басқа қызметкерлер

    15
    Боқбасаров Әділ Әбенұлы
    Мәслихат депутат

    Боқбасаров Әділ Әбенұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1965 жылы 10 желтоқсанда Талдықорған облысы Қаратал ауданы Оян ауылында дүниеге келді. 1983-1986 жылдары аралығында әскери қызмет атқарды. 1989 жылы ҚазССР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіптік комитеті Талдықорған зооветеринарлық малдәрігерлік техникумын мал дәрігерлік фельдшер мамандығы және 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін ветеринариялық дәрігер мандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданы Қаратал қой совхозының жұмысшысы ретінде бастады. 1989-1994 жылдары Кәлпе совхозының веттехнигі, 2008 жылы Фрунзе атындағы мектеп гимназиясында шаруашылық меңгерушісі, 2009 жылы АШМ АӨК МИК Қаратал аудандық аумақтық инспекциясының кәсіпкер малдәрігері, 2010-2011 жылдары «Бокбасаров» ЖК малдәрігері, 2012-2017 жылдары «Қаратал ауданы әкімдігінің аудандық ветеринариялық станциясы» ОВПШЖҚ МККна қарасты Балпық ауылдық округінің ветеринар дәрігері, 2017 жылы Айту би ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі. 2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жетісу облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қаратал ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №1 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы. Қаратал аудандық мәслихатының екі шақырылымының депутаты болып сайланған. «Халық алғысы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған. ҚР Президентінің, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің, «AMANAT» партиясының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен наградталған.

    Ахметбаев Арман Бауыржанұлы
    Мәслихат депутат

    Ахметбаев Арман Бауыржанұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1992 жылы 6 маусымда Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келді. 2010 жылы Қазақ түрік лицейін, 2014 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын қаржы және менеджмент мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласында Аграрлық несиелік корпарациясында мониторинг бойынша маманы ретінде бастады. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Уштобинский» ЖШС директоры. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №2 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Депутаттық қызметін атқару барысында ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселелеріне елеулі назар аударады. Аудандық мәслихаттың қызметіне, «AMANAT» партиясы фракциясының жұмысына, сонымен қатар аудан аумағындағы өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсенділікпен қатысады. Қаратал аудандық жер комиссиясының мүшесі. Еліміздің, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Amanat» партиясы төрағасының және де аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Әбенова Толқын Төлегенқызы
    Мәслихат депутат

    Әбенова Толқын Төлегенқызы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1969 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келді. 1992 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын дәрігер кардиорегматолог мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1993 жылы Үштөбе станциясының теміржол ауруханасының дәрігері ретінде бастады. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаратал аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санаттағы дәрігер-анестезиолог. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №4 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының хатшысы. Аудандық мәслихаттың қызметіне, «AMANAT» партиясы фракциясының жұмысына, сонымен қатар аудан аумағындағы өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсенділікпен қатысады. Депутаттық қызметін атқару барысында халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мекемелерімен тұрғындарға көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Денсаулық сақтау саласындағы белсенді қызметі үшін «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен наградталған.

    Испанова Ләззат Сарқытбайқызы
    Мәслихат депутат

    Испанова Ләззат Сарқытбайқызы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1969 жылы 16 қарашада Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келді. 1988 жылы Панфилов педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша, 2015 жылы Тараз қаласындағы инновациялық-гуманитарлық университетін бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы Молалы станциясында М.Әуезов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастады. 1992-1993 жылдары Үштөбе қаласы А.Пушкин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 1993-1995 жылдары Молалы станциясында М.Әуезов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 1995-1997 жылдары Үштөбе қаласы К.Тоқаев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 1997-2008 жылдары Үштөбе қаласы І.Есенберлин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2008-2010 жылдары Талдықорған қаласы №25 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі, 2010-2011 жылдары Тельман орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі, 2011-2013 жылдары І.Есенберлин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2013-2015 жылдары С.И.Морозов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2015-2017 жылдары К.Тоқаев атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2017-2019 жылдары А.Пушкин атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2019-2020 жылдары К.Тоқаев атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2020 жылдан бастап К.Тоқаев атындағы орта мектебінің директоры. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №5 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының хатшысы. «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен, білім саласындағы көпжылғы белсенді еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен наградталған.

    Байғазақова Ирина Тұрсымбайқызы
    Мәслихат депутат

    Байғазақова Ирина Тұрсымбайқызы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1965 жылы 18 наурызда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келді. 1999 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін педагогикалық колледждерде тәрбиеші және оқытушы мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы Үштөбе қаласының № 25 балабақшасының тәрбиешісі ретінде бастады. 1997-2000 жылдары М.Горький атындағы орта мектептің педагог-психологы, 2000-2004 жылдары директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, 2004-2016 жылдары директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2016 жылдан бастап «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ-нің директоры. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №7 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Қаратал ауданы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының мүшесі. Жетісу облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен, «Еңбек адамы» төсбелгісімен наградталған, «Қазақстан Республикасының үздік мәслихат депутаты» атты республикалық патриоттық байқаудың жеңімпазы. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің, «AMANAT» партиясы, аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Хосен-Оглы Руслан Бижанович
    Мәслихат депутат

    Хосен-Оглы Руслан Бижанович

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1978 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келді. 1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы орта мектебін бітірді. Еңбек жолын 2005 жылы өзі құрған «Мадина» шаруа қожалығының басшысы ретінде бастады. Сол уақыттан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. 2022 жылы «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» РҚБ Талдықорған өңірлік филиалының төрағасы болып тағайындалған. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №8 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Депутаттық қызметін атқару барысында аграрлық саланы дамытуға, елді мекендердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне елеулі назар аударады. Жангір қоғамдық қоры ұйымдастырған «Мерейлі отбасы» байқауының «Үздік өнегелі отбасы» номинациясының иегері. Облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясының, ҚР күрдтер «Барбанг» қауымдастығының Талдықорған өңірлік филиалының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Абақов Берік Нұртілеуұлы
    Мәслихат депутат

    Абақов Берік Нұртілеуұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1977 жылы 21 мамырда Алматы облысы Қаратал ауданы Ақжар ауылында дүниеге келді. 2003 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлеттік университетін дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1995 жылы «Ақжол» ЖШС экспедиторы болып бастаған. 2001-2005 жылдары Бірінші май орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2005–2006 жылдары Бірінші май ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2006-2014 жылдары Айту би ауылдық округінің әкімі, 2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2016-2019 жылдары аудандық жасөспірімдер және балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы. 2019 жылдың сәуір айынан «Жетісу облысының білім беру, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Қаратал аудандық филиалының төрағасы. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №9 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Депутаттық қызметін атқару барысында аграрлық саланы дамыту, егістік көлемін арттыру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне елеулі назар аударады. Қаратал ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі. Қаратал аудандық мәслихатының екі шақырылымының депутаты болып сайланған. «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағының иегері. «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне 50 жыл» және «Мұсабек Сеңгірбаевтың туғанына-100 жыл» мерекелік медальдерімен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградталған.

    Ким Эдик Алексеевич
    Мәслихат депутат

    Ким Эдик Алексеевич

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келді. 1996 жылы Алматы коммерциялық колледжін коммерциялық қызмет мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2003 жылы «Нар-Ойл» мұнай компаниясының ЖМҚС маманы ретінде бастады. 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Ким Э.А.» ЖК басшысы. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №10 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі. Депутаттық қызметін атқару барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелеріне баса назар аударады. Аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Amanat» партиясы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Төлеубеков Саят Исатайұлы
    Мәслихат депутат

    Төлеубеков Саят Исатайұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1989 жылы 23 сәуірде Алматы облысы Қаратал ауданы Қанабек ауылында дүниеге келді. 2011 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2011 жылы «Молжігітов» шаруа қожалығында жұмысшы болып бастаған, 2018 жылдан бастап «Молжігітов» шаруа қожалығының басшысы. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №11 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары. Депутаттық қызмет барысында аграрлық саланы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, аудан бюджетінің тиімді пайдалану мәселелеріне елеулі назар аударады. Қаратал аудандық мәслихатының екі шақырылымының депутаты болып сайланған. «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Ауыл еңбегі үшін» медалімен наградталған. Облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, «Нұр Отан» партиясының және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

    Тасыбаев Руслан Шоғалұлы
    Мәслихат депутат

    Тасыбаев Руслан Шоғалұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1978 жылы 6 наурызда Алматы облысы Қаратал ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келді. 2001 жылы Талдықорған заң коллеждін және 2016 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 2001 жылы «Үштөбе тәжірибе-механикалық зауыты» ААҚ-нің іс жүргізушісі ретінде бастаған. 2003-2008 жылдары «Қаратал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ-нің техника нысаны бойынша көмекшісі, 2008-2010жылдары «Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы, бас маманы, 2010-2014жылдары «Қаратал ауданы әкімінің аппараты» ММ-і ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маман-заңгері, 2014-2017 жылдары «Қаратал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің маманы, 2017-2020 жылдары Балпық ауылдық округінің әкімі. 2022 жылдың желтоқсан айынан «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №12 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары. Депутаттық қызметін атқару барысында ауыл шаруашылығын дамыту, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу мәселелеріне елеулі назар аударады. Аудандық мәслихаттың қызметіне, аудан аумағында өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсенділікпен қатысады. Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу, білім, денсаулық, мәдениет, кіші және шағын бизнесті дамыту мәселелеріне баса назар аударады. Қаратал аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болып сайланған. «Нұр Отан» партиясының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Астраханцева Ольга Викторовна
    Мәслихат депутат

    Астраханцева Ольга Викторовна

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    1971 жылы 29 шілдеде Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келді. 1996 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1996 жылы Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының отоларингология бөлімінен бастады. 1996-1998жылдарыҚараталауданыныңорталық ауруханасыныңбалаларотоларингологы, 2000-2012жылдарыҚараталауданыныңорталық ауруханасыныңпедиатрдәрігері, 2016жылданбастапбүгінгікүнге дейін Қараталауданыныңорталық ауруханасыныңжалпыпрактикадәрігері. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №3 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Депутаттар