Қаратал ауданы мәслихатының аппараты

    Mәслихат туралы

    Мәслихат (жергілікті өкілді орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.

    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

    Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Шешім

    «Қаратал ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын(схемасын), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Қаратал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы №19-54 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖОБА «Қаратал ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын(схемасын), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы»Қаратал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы№19-54 шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтык актілер туралы» Қазақстан Республикасы заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Қаратал ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Қаратал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 қарашадағы №19-54 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 161170 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ЛАУАЗЫМЫ Аты-жөні

    Жарияланды:
    Ереже

    ЕРЕЖЕ

    «Қаратал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

    Жарияланды: