Ахметбаев Арман Бауыржанұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Ахметбаев Арман Бауыржанұлы
    Депутат маслихата

    Ахметбаев Арман Бауыржанұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1992 жылы 6 маусымда Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келді.

    2010 жылы Қазақ түрік лицейін, 2014 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын қаржы және менеджмент мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2015 жылы Алматы қаласында Аграрлық несиелік корпарациясында мониторинг бойынша маманы ретінде бастады. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Уштобинский» ЖШС директоры.

    Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №2 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

    Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Депутаттық қызметін атқару барысында ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселелеріне елеулі назар аударады.

    Аудандық мәслихаттың қызметіне, «AMANAT» партиясы фракциясының жұмысына, сонымен қатар аудан аумағындағы өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсенділікпен қатысады. Қаратал аудандық жер комиссиясының мүшесі.

    Еліміздің, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Amanat» партиясы төрағасының және де аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері