Әбенова Толқын Төлегенқызы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Әбенова Толқын Төлегенқызы
    Депутат маслихата

    Әбенова Толқын Төлегенқызы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1969 жылы 1 қаңтарда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келді.

    1992 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын дәрігер кардиорегматолог мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1993 жылы Үштөбе станциясының теміржол ауруханасының дәрігері ретінде бастады.

    1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаратал аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санаттағы дәрігер-анестезиолог.

    Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №4 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

    Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының хатшысы.

    Аудандық мәслихаттың қызметіне, «AMANAT» партиясы фракциясының жұмысына, сонымен қатар аудан аумағындағы өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсенділікпен қатысады.

    Депутаттық қызметін атқару барысында халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мекемелерімен тұрғындарға көрсетіліп жатқан медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелеріне айрықша көңіл бөледі.

    Денсаулық сақтау саласындағы белсенді қызметі үшін «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен наградталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері