
Абақов Берік Нұртілеуұлы
Қаратал аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1977 жылы 21 мамырда Алматы облысы Қаратал ауданы Ақжар ауылында дүниеге келді.
2003 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлеттік университетін дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1995 жылы «Ақжол» ЖШС экспедиторы болып бастаған.
2001-2005 жылдары Бірінші май орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, 2005–2006 жылдары Бірінші май ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2006-2014 жылдары Айту би ауылдық округінің әкімі, 2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясының Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2016-2019 жылдары аудандық жасөспірімдер және балалар спорт мектебінің жаттықтырушысы. 2019 жылдың сәуір айынан «Жетісу облысының білім беру, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Қаратал аудандық филиалының төрағасы.
Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №9 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Депутаттық қызметін атқару барысында аграрлық саланы дамыту, егістік көлемін арттыру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне елеулі назар аударады.
Қаратал ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі.
Қаратал аудандық мәслихатының екі шақырылымының депутаты болып сайланған.
«Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағының иегері.
«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне 50 жыл» және «Мұсабек Сеңгірбаевтың туғанына-100 жыл» мерекелік медальдерімен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен наградталған.





