Боқбасаров Әділ Әбенұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Боқбасаров Әділ Әбенұлы
    Депутат маслихата

    Боқбасаров Әділ Әбенұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1965 жылы 10 желтоқсанда Талдықорған облысы Қаратал ауданы Оян ауылында дүниеге келді.

    1983-1986 жылдары аралығында әскери қызмет атқарды.

    1989 жылы ҚазССР Мемлекеттік аграрлық өнеркәсіптік комитеті Талдықорған зооветеринарлық малдәрігерлік техникумын мал дәрігерлік фельдшер мамандығы және 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін ветеринариялық дәрігер мандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1983 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданы Қаратал қой совхозының жұмысшысы ретінде бастады.

    1989-1994 жылдары Кәлпе совхозының веттехнигі, 2008 жылы Фрунзе атындағы мектеп гимназиясында шаруашылық меңгерушісі, 2009 жылы АШМ АӨК МИК Қаратал аудандық аумақтық инспекциясының кәсіпкер малдәрігері, 2010-2011 жылдары «Бокбасаров» ЖК малдәрігері, 2012-2017 жылдары «Қаратал ауданы әкімдігінің аудандық ветеринариялық станциясы» ОВПШЖҚ МККна қарасты Балпық ауылдық округінің ветеринар дәрігері, 2017 жылы Айту би ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі. 2018 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жетісу облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар Қаратал ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

    Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №1 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

    Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

    Қаратал аудандық мәслихатының екі шақырылымының депутаты болып сайланған.

    «Халық алғысы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған.

    ҚР Президентінің, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің, «AMANAT» партиясының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен наградталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері