Байғазақова Ирина Тұрсымбайқызы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Байғазақова Ирина Тұрсымбайқызы
    Депутат маслихата

    Байғазақова Ирина Тұрсымбайқызы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1965 жылы 18 наурызда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келді.

    1999 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін педагогикалық колледждерде тәрбиеші және оқытушы мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1988 жылы Үштөбе қаласының № 25 балабақшасының тәрбиешісі ретінде бастады.

    1997-2000 жылдары М.Горький атындағы орта мектептің педагог-психологы, 2000-2004 жылдары директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, 2004-2016 жылдары директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2016 жылдан бастап «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Қаратал күндізгі болу орталығы» КММ-нің директоры.

    Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №7 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

    Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Қаратал ауданы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының мүшесі.

    Жетісу облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.

    «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен, «Еңбек адамы» төсбелгісімен наградталған, «Қазақстан Республикасының үздік мәслихат депутаты» атты республикалық патриоттық байқаудың жеңімпазы.

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің, «AMANAT» партиясы, аудан әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері