
Әкімжанов Мәди Болатұлы
Қаратал аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1987 жылы 18 қазанда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келді.
2009 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған.
2009-2010 жылдары аралығында әскери қызмет атқарған.
Еңбек жолын 2011 жылы Алматы облыстық жол полициясының инспекторы болып бастаған.
2012 жылы «Әзімбай» шаруа қожалығын құрып, 2023 жылға дейін басшылық еткен. 2023 жылдың наурыз айында Қаратал аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.
Аудандық мәслихаттың төрағасы ретінде мәслихат сессияларын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеу, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдесу, мәслихат аппаратының жұмысын басқару, мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
«AMANAT» партиясы фракциясының жұмысына, сонымен қатар аудан аумағында өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсенділік танытады.
Аудандық мәслихат депутаттарының ҚР Президентінің Жолдауларын түсіндіру және насихаттау бойынша қызметін үйлестіреді. Үнемі жергілікті жердің өзекті деген мәселесін жарыққа шығарып, түйінін тарқатуға жәрдемдеседі.
Депутат ретінде көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына, ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне демеушілік көмек көрсетеді.
Қазақ детектив жанрының шебері, жазушы, журналист, майдангер К.Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Қаратал ауданында өткізілген үлкен іс шараға және Қаратал ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай өткен мерекелік іс шараға белсенді атсалысқан.
Үйленген, екі баласы бар.
