Тасыбаев Руслан Шоғалұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Тасыбаев Руслан Шоғалұлы
    Депутат маслихата

    Тасыбаев Руслан Шоғалұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1978 жылы 6 наурызда Алматы облысы Қаратал ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келді.

    2001 жылы Талдықорған заң коллеждін және 2016 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2001 жылы «Үштөбе тәжірибе-механикалық зауыты» ААҚ-нің іс жүргізушісі ретінде бастаған.

    2003-2008 жылдары «Қаратал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ-нің техника нысаны бойынша көмекшісі, 2008-2010жылдары «Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жетекші маманы, бас маманы, 2010-2014жылдары «Қаратал ауданы әкімінің аппараты» ММ-і ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маман-заңгері, 2014-2017 жылдары «Қаратал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің маманы, 2017-2020 жылдары Балпық ауылдық округінің әкімі. 2022 жылдың желтоқсан айынан «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы.

    Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №12 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

    Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.

    Депутаттық қызметін атқару барысында ауыл шаруашылығын дамыту, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу мәселелеріне елеулі назар аударады.

    Аудандық мәслихаттың қызметіне, аудан аумағында өткізілетін қоғамдық-саяси шараларға белсенділікпен қатысады. Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу, білім, денсаулық, мәдениет, кіші және шағын бизнесті дамыту мәселелеріне баса назар аударады.

    Қаратал аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болып сайланған.

    «Нұр Отан» партиясының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері