
Хосен-Оглы Руслан Бижанович
Қаратал аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1978 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келді.
1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы орта мектебін бітірді.
Еңбек жолын 2005 жылы өзі құрған «Мадина» шаруа қожалығының басшысы ретінде бастады. Сол уақыттан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. 2022 жылы «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» РҚБ Талдықорған өңірлік филиалының төрағасы болып тағайындалған.
Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №8 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Депутаттық қызметін атқару барысында аграрлық саланы дамытуға, елді мекендердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне елеулі назар аударады.
Жангір қоғамдық қоры ұйымдастырған «Мерейлі отбасы» байқауының «Үздік өнегелі отбасы» номинациясының иегері.
Облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясының, ҚР күрдтер «Барбанг» қауымдастығының Талдықорған өңірлік филиалының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.





