Ким Эдик Алексеевич

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Ким Эдик Алексеевич
    Депутат маслихата

    Ким Эдик Алексеевич

    Қаратал аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келді.

    1996 жылы Алматы коммерциялық колледжін коммерциялық қызмет мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2003 жылы «Нар-Ойл» мұнай компаниясының ЖМҚС маманы ретінде бастады.

    2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Ким Э.А.» ЖК басшысы.

    Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №10 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

    Қаратал аудандық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, білім, денсаулық саласы, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, кәсіпкерлік, спорт, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, заңдылық, құқықтық тәртіп жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

    Депутаттық қызметін атқару барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелеріне баса назар аударады.

    Аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Amanat» партиясы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері